Күннің жаңалықтары
Шымкентте Рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті.

Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
4 маусымда Шымкентте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықов іс-шараға қатысып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары екенін атап өтті.
Университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Б. Садықов бастаған студенттер мерекелік жиынға белсенді қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін бейнелейтін қасиетті құндылықтар.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың патриоттық рухын нығайтуға және Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға көмектеседі.
Қаралым саны: 14
