Күннің жаңалықтары
КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары қала мектептерінің 11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар кездесулерін өткізді. Мақсат — оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтап, мамандық таңдауына көмектесу.
Шара аясында «Болашақ» мектебі, № 62 Н. Торекулова атындағы орта мектеп және № 87 А. Назарбекова атындағы орта мектепке барды. Оқушыларға оқу орны туралы таныстыру бейнеролигі мен мамандық презентациясы көрсетіліп, кәсіпті меңгеру мүмкіндіктері, оқуға түсу және білім алу шарттары түсіндірілді. Кездесулер оқушылардың сәтті әлеуметтенуіне жағдай жасап, болашақ мамандықты таңдауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетті.






Қаралым саны: 35 487
