Күннің жаңалықтары
6В04210 — «ҚҰҚЫҚТАНУ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗДІ

6В04210 — «Құқықтану» бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы 11 сынып түлектерімен, Фуркат атындағы № 37 жалпы орта мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар кездесуін өткізді.
Мақсат — оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, таңдаған мамандығын меңгеру әлеуетін бағалау, кәсіби өзін-өзі анықтау және қоғамға сәтті бейімделу барысында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Кәсіптік бағдар аясында:
«Құқықтану» мамандығының оқу бағдарламасы таныстырылды;
Мамандықтың ерекшеліктері мен болашағына арналған презентация және түсіндіру жұмысы жүргізілді;
Кездесуді ұйымдастырып, түлектерді алып келген кәсіптік бағдар маманы мен мектеп директорына алғыс хаттар табысталды.




Қаралым саны: 34 888
