12.03.2024 күні академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінде Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің…

12.03.2024 күні академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінде Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Кошкарбаева мен 4 курс білім алушыларының кездесуі өтті.
12.03.2024 күні академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінде Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Кошкарбаева мен 4 курс білім алушыларының кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты — білім алушыларды бейнеролик арқылы Курчатов қаласымен таныстыру және ерікті қоныс аудару жобасы аясындағы көшудің тиімділігі мен артықшылықтарын түсіндіру болды. Ұлттық ядролық орталық мекемелеріндегі, «Балапан транспорт» ЖШС-дегі, «Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы орта мектебіндегі және басқа ұйымдардағы бос орындарға мамандар тарту мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.Т. Кошкарбаев академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қуатбекова Р. А.-мен жеке әңгімесінде жұмыс күші тапшы ұйымдарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және Абай облысының Курчатов қаласында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер — тұрғын үй, жұмыс, қаржылық көмек және басқа қолдау берілетіні атап өтілді.




