4 курс студенттеріне арналған іс-тәжірибе жөніндегі нұсқаулық конференция

2023-2024 оқу жылына арналған оқу кестесі мен жоспарына сәйкес педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының 4 курс білім алушылары 11.03 мен 03.05.2024 аралығында дипломалды немесе өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеден өтеді. Бітірушілердің дипломалды немесе өндірістік (педагогикалық) практикадан өтуіне арналған нұсқаулық конференциялар ұйымдастырылды. Конференция барысында студенттер практика бағдарламасымен танысты, практика туралы негізгі мәліметтер, тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар берілді. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқама өткізіліп, презентациялар мен бейнематериалдар көрсетілді.
Әрбір болашақ маман алған теориялық білімін практикада дәлелдеуге және практика базаларындағы білікті мамандардың тәжірибесін меңгеруге ұмтылады. Конференцияда практикадан өту талаптарына сәйкес құжаттарды рәсімдеу жөнінде ұсынымдар берілді. Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімі меңгерушісінің орынбасары М. Майлыбаев практикаға қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ұсынды.




