Астана қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция капитанының студенттермен кездесуі

Астана қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция капитаны жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі бойынша студенттермен кездесті.
Кездесуге Астана қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі рота командирінің орынбасары, полиция капитаны Муталхан Ауельхан Ибадуллаевич, сондай-ақ Б. Садыков — университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, түлектерді жұмыспен қамту және практика бөлімінің меңгерушісі А.А. Шалкеева, декандар және 3–4 курс студенттері қатысты.
Іс-шарада полиция капитаны А. Муталхан патрульдік полиция қызметінің ерекшеліктері, қызметке қабылдау талаптары және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері пікір алмасу түріндегі әңгімеде студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Кездесу жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға және кәсіби кеңес беруге бағытталған маңызды оқиға болды.
Кездесуде полиция мен азаматтардың өзара іс-қимылына және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер университет пен мемлекеттік органдар байланысын нығайтып, студенттердің құқықтық тетіктер туралы практикалық түсінігін қалыптастыруға және болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға көмектеседі.






