Күннің жаңалықтары
Солтүстік Қазақстан облысының делегаттарымен кездесу

Қарашаның 18-інде, 2024 жылы, Шымкент әкімдігінің «Еңбек мобильді орталығы» КММ Солтүстік Қазақстан облысының делегаттарымен кездесу ұйымдастырды. Оған «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары, университет қызметкерлері мен түлектері қатысты. Делегаттар ерікті қоныс аудару бағдарламасының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын таныстырып, Солтүстік Қазақстан тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау туралы толық мәлімет ұсынды.
Еңбек мобильді орталығы түрлі салалардағы вакансиялар туралы ақпарат беретінін, жұмысқа орналасуға көмектесіп, кәсіпкерлерді қолдайтынын атап өтті. Түлектер бағдарламаға қатысу үшін аудандық мансап орталықтарының байланыс телефондарын алды.



