Кәсіпорын өкілдері түлектерге бос жұмыс орындарын ұсынды

13 сәуір 2026 жылы сағат 11:30-де «Құрылыс және архитектура», «Дизайн» мамандықтарының 4 курс студенттері RAS Group Project ЖШС өкілдерімен кездесті. Мақсаты — түлектерді бос жұмыс орындарына шақыру. Кездесуге сәулетші Родионова Юлия Александровна және инженер-конструктор Рыстанкулов Дилмурад Анварбекович қатысты.


Жұмыс берушілер ұйымдағы бос орындар, үміткерлерге қойылатын талаптар мен еңбек жағдайлары туралы ақпарат берді. Білім алушылар жұмысқа орналасу және кәсіби, мансаптық өсу перспективалары туралы сұрақтарына жауап алды.


Іс-шара болашақ мамандарға сәулетші, конструктор, бас жоспарлаушы, электр жүйелері инженері, байланыс жүйелері инженері, жылыту және желдету инженері, сумен жабдықтау және кәріз инженері, кіші жоба инженері және BIM-үйлестіруші сияқты сұраныстағы кәсіптермен танысуға мүмкіндік берді.

