Күннің жаңалықтары
Кәсіптік бағдар жұмысы белсенді жалғасуда

«Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары қала мектептерінің 11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар кездесулерін белсенді жалғастыруда. Мақсат — оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, мамандық таңдауына қолдау көрсету.
Кәсіптік бағдар аясында оқытушылар «Болашақ» мектебіне, № 62 Н. Торекулова атындағы орта мектепке және № 87 А. Назарбекова атындағы орта мектепке барды.
Кездесулерде оқушыларға ұсынылды:
Оқу орнымыз туралы таныстыру бейнеролигі;
«Құқықтану» мамандығының презентациясы;
Мамандықты меңгеру мүмкіндіктері, оқуға түсу мен білім алу шарттары жөніндегі түсіндірмелер.
Бұл шаралар оқушылардың сәтті әлеуметтенуіне және болашақ мамандығын таңдауда психологиялық-педагогикалық қолдау алуына жағдай жасады.






Қаралым саны: 23 873
