Жасанды интеллект дәуірінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасын жаңарту мәселелері талқыланды

2026–2027 оқу жылына дайындық аясында «Құқықтану» бағдарламасына жаңа пәндер енгізуге арналған «Жасанды интеллект дәуірінде білім алушылардың білімін арттыру мәселелерін цифрлық трансформациялар арқылы шешу» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өтті.
Іс-шарада бағдарламаны жетілдіру, қазіргі талаптарға бейімдеу және жаңа оқу пәндерін енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар оқыту сапасын арттыру үшін білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін атап өтті.
Атап айтқанда, жасанды интеллект элементтерін қолдану, деректерді талдау, «Құқықтық конфликтология және медиация» және «Қазақстан Республикасының цифрлық құқығы» сияқты пәндер ұсынылды.
Талқылау қорытындысында жаңа пәндер енгізу, оқу жоспарларын жаңарту және цифрлық трансформация жағдайына бейімделген заманауи білім беру моделін қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
Бұл бастамалар білім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етті.








