Күннің жаңалықтары
6В04210 — «Құқықтану» бағдарламасының білім алушылары «Заң сіз бен бізге ортақ» құқықтық сағатына қатысты

Қарашаның 21-інде, 2024 жылы, Шымкент жастар ресурстық орталығында құқық қорғау органдарының өкілдері білім алушы жастармен «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында кездесті.
Іс-шараға Шымкент Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағдарламасының аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков және қала прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мамандар жастарды зиянды әдеттерден бас тартуға шақырып, есірткіге қарсы заңнаманы бұзудың салдарын түсіндірді және арнайы деректі фильм көрсетті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.


Қаралым саны: 10 519
