Күннің жаңалықтары
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралар өткізілуде


Академик А.Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 16 тамыздағы 2024 жылғы № 7 қаулысына сәйкес эпидемиялық маусымға байланысты жұқпалы респираторлық аурулар мен вирустық инфекциялардың алдын алу үшін медициналық орталықтарға тіркеле бастады. Олар инфекциялық респираторлық вирусты жұқтырудың алдын алу шараларына ерікті қатысып, «Гриппол» екпесін алды. Бұл профилактикалық шаралар кешені мамандардың ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі.
Қаралым саны: 31 619
