Күннің жаңалықтары
«ҚҰҚЫҚТАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Құқықтану» бағдарламасының білім алушылары «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясына белсенді қатысты. Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлерімен және аудандық полиция басқармасының өкілдерімен бірлескен флешмоб ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты:
Қоғам назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару;
Зорлық-зомбылықпен күресте бірлік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру;
Студенттер арасында зорлықсыз өмір мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Флешмоб қатысушылары зорлық-зомбылықтың барлық түрін жою үндеулеріне қолдау білдіріп, қауіпсіз, әділетті және толерантты қоғам құрудың маңызы туралы ойларымен бөлісті.


Қаралым саны: 13 440
