Бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастық

Академик А.Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің делегациясы Ташкент сәулет-құрылыс университетіне (Ташкент, Өзбекстан Республикасы) ресми шақырылды. Оның құрамында ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қуатбекова Р. А.; цифрландыру жөніндегі проректор, PhD Есенов М. К.; техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Нефтяное и строительное производство» кафедрасының меңгерушісі Махмудова Г. И.; бас ғылыми қызметкер, PhD, қауымдастырылған профессор Жақыпбаев Б. Е.; кафедраның аға оқытушысы Сейтқасымұлы К. болды.
Сапар барысында академик А.Куатбекова атындағы ХДУ-дың қазақстандық делегациясына зертханалар мен арнайы кабинеттер көрсетіліп, Ташкент сәулет-құрылыс университетінің материалдық-техникалық базасы және жабдықталуы таныстырылды.
Академик А.Куатбекова атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент, Қазақстан Республикасы) мен Ташкент сәулет-құрылыс университеті «Құрылыс», «Сәулет», «Дизайн» бірлескен білім беру бағдарламалары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісті.
Екі жоғары оқу орнының ректорлары басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейтін ресми құжатқа қол қойды:
— бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу перспективаларын зерттеу;
— түрлі ортақ жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндігі;
— түлектерді жұмысқа орналастырудың ортақ көрсеткіштерін пысықтау;
— ғылыми зерттеулер мен цифрлық платформалар бойынша кейс-жобалар.
«Бауырлас халықтарымыз бен мемлекеттеріміз арасындағы қатынастар үнемі өте жоғары деңгейде қолдау табады. Біздің өзара іс-қимылымыз екіжақты ынтымақтастықпен шектелмейді. Бұрын басталған және үнемі ілгерілетіліп отырған жобалар аясында білім мен ғылым саласындағы жұмысқа белсенді қатысамыз» — деп түйіндеді ректор Қуатбекова Р. А. Ташкент сәулет-құрылыс университетіне ресми сапары барысында.
Өз кезегінде университет ректоры Тулаганов Б. А. құрметі мен алғысын білдіріп, екі тараптың ұзақ мерзімді әрі жемісті бірлескен жұмысына сенім артты.
Ташкент сәулет-құрылыс университеті Өзбекстан Республикасының сәулет-құрылыс білімі саласындағы жетекші оқу орны және кадр даярлаудың ұлттық бағдарламасы аясында жоғары білімге қойылған міндеттерді орындайды.
Кездесу достық жағдайда өтті. Екі тарап толық өзара түсіністікке келіп, жемісті ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.






