Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 4 курс студенттерінің қорытынды конференциясы

13.05.2025 күні сағат 10:00 уақытында университетіміздің актілік жиын залында қорытынды конференция өтті. Оған 4 курс студенттері педагогикалық білім беру бағдарламаларынан қатысты. Дипломалды және өндірістік іс-тәжірибе бойынша берілген есептер, сапалы қорғалып, тыңдалып, өте жақсы деп бағаланды. Сонымен қатар, мектептен келген алғыс хаттар бітіруші түлектерге, 4 курс студенттеріне, яғни GB131—21 оқу тобына табысталды. Олардың білім беру бағдарламасы 6В01310—«Бастауышта білім берудің педагогикасы мен әдістемесі». Атап айтқанда, жалпы орта мектеп № 135—Азат Айым, мектеп — гимназия №64 аталған Ж. Аймауытов атымен—Маматсабирова Фатима. Сонымен қатар, бітіруші түлектерге қатысты алғыс хаттары университеттің басшысы, яғни ректоры Қуатбекова Р. А. атына жіберілді өйткені олар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, алған теориялық білімдерін қолдана білді, практикалық тәжірибеде.




