Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университеті мен Бұхара инновациялық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шара аясында академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Рабига Абдимусаевна және Бұхара инновациялық университетінің ректоры Рузиева Дилноз Исомжоновна кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық пен академиялық алмасуды дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруды талқылады.
Университет ректоры Рабига Абдимусаевна оқу орнының қызметі мен жетістіктерін таныстырып, халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтудың маңызын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе және үздік практикалар алмасу туралы келісіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бұл өзара іс-қимыл университеттер арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестіктің негізі болады.



