Деректемелер
Жарияланған күні: 19-шы қазан 2026 ж.
«Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» мекемесі
Студент пен университет арасындағы ақылы оқыту туралы шартқа сәйкес, «Студент» ағымдағы оқу жылы үшін оқу ақысын шартта көрсетілген мерзімдерде уақтылы төлеуге міндетті.
Күндізгі оқу нысаны бойынша: жылдық оқу ақысының 25%-ы 1 қазанға дейін, 50%-ы 1 қарашаға дейін, 75%-ы 1 ақпанға дейін, 100%-ы 1 сәуірге дейін төленуі тиіс.
Оқу ақысын Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аудан орталықтарындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалдары арқылы, сондай-ақ Республикадағы барлық облыс, қала және аудан орталықтарында орналасқан төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. Төлем терминалдарының орналасқан жерін банктің ресми сайтынан білуге болады. Комиссия мөлшері — 70 теңге.
Сонымен қатар оқу ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады. Комиссия төлем сомасының 0,4%-ын құрайды.
Төлем жасау кезінде студенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, оқу нысаны, курсы, мамандығы және төлем түрі (оқу ақысы, ауысу, қайта қабылдау және т.б.) міндетті түрде көрсетілуі қажет. Мәліметтер жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес, орфографиялық қателерсіз енгізілуі тиіс.
Студент оқу ақысын уақтылы төлемеген жағдайда, ақылы оқыту туралы шартқа сәйкес, Университет студентті студенттер қатарынан шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32Б, тел./факс: 95-25-02, 95-25-21, 95-25-72.
Электрондық пошта: info@udn.edu.kz
Университет сайты: www.udn.edu.kz
СТН: 582 200 053 058
БСН: 120 940 009 832
БСК: HSBKKZKX, КБе 17
Есеп айырысу шоты: № KZ516017291000007885, Шымкент қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» А
