Тұру туралы ақпарат, қажетті құжаттар және жатақхана фотосуреттері.
Біздің жоғары қабатты студенттік жатақханамыз (6+1 қабат) 289 орынға есептелген. Жатақханада негізінен ауылдық жерлерден және жақын маңдағы аудандардан келген студенттер тұрады.
Ғимараттың жалпы ауданы — 10 256,2 шаршы метр. Жатақханада 81 бөлме бар. Аумағы арнайы қоршаумен қоршалған, ал ғимарат лифтпен және заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Студенттерге Wi-Fi желісіне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Студенттердің жайлы тұруы мен білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, 50 орындық асхана, екі жаттығу залы, кітапхана, өздігінен білім алуға арналған екі жұмыс бөлмесі, спорт алаңы, 71 санитарлық торап және медициналық пункт қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы пандустар мен ыңғайлы кіріп-шығу жолдары жабдықталған.
Жатақхана аумағы толық абаттандырылған: демалуға арналған орындықтар орнатылып, жасыл желектер отырғызылған және гүлзарлар жасалған.