Халықаралық ғылыми байқауда жүлделі орын

16–17 сәуір 2026 жылы университетіміздің студенті «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ұйымдастырған инженерлік бағыттағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауына қатысып, маңызды жетістікке жетті.
«Электротехника және энергетикалық ресурстар» бағыты аясында JB711-25 тобының, 6В07110 — «Электр энергетикасы» бағдарламасының студенті Дарханбай Алтынбек «Ілеспе мұнай газын мембраналық қондырғы арқылы тазарту» ғылыми жобасын сәтті қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшілері — Ильясова К.У. және Ахмедов Ж.А.
Ғылыми жұмыста табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың энергетикалық кешен негізі ретіндегі маңызы егжей-тегжейлі қарастырылған. Ілеспе мұнай газын зиянды қоспалардан тазартуға ерекше назар аударылып, ЖЭО-3 пен мұнай өңдеу кәсіпорындарында технологиялық отын ретінде пайдалануға болатын тазартылған газ алу үшін мембраналық қондырғыларды қолданудың тиімділігі негізделген.
Бұл жетістік студенттің жоғары ғылыми әлеуетін және ғылыми жетекшілерінің кәсібилігін көрсетеді.






