25 ТҮЛЕКТЕР ЛЕГІ — ТЕРЕҢ БІЛІМГЕ, БІЛІМДІЛІККЕ, ЗИЯТКЕРЛІККЕ АПАРАР ЖОЛ

26 маусым 2025 жылы Шымкент қаласының ең ірі мәдени орталықтарының бірі — «Түркістан» сарайында академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің түлектеріне диплом табыстауға арналған «25 ТҮЛЕКТЕР ЛЕГІ — ТЕРЕҢ БІЛІМГЕ, БІЛІМДІЛІККЕ, ЗИЯТКЕРЛІККЕ АПАРАР ЖОЛ» атты салтанатты кеш жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны ашқанда түлектерге ақ жол, болашақ кәсіби қызметінде табыс, жетістік және мансаптық өсу тілеп, жоғары білікті маман болып қалыптасуда білімнің маңызын атап өттім.
Университеттің ширек ғасырлық мерейтойына арналған бұл салтанатты кеш оқу орны тарихындағы жарқын әрі маңызды оқиға болды. Ширек ғасыр ішінде мұнда 70 мыңнан астам түлек лайықты білім мен тәрбие алып, өмірге жолдама алды. Іс-шара терең де берік білім берудің, ұстаз бен шәкірт арасындағы ынтымақтастық пен байланыстың нышанына айналды.
Мерекелік мерейтойлық іс-шараға қалалық және облыстық басқармалар, мәслихаттар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, білім саласының, соның ішінде жоғары оқу орындарының басшылары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, құрметті қонақтар, түлектер және олардың ата-аналары қатысты.
Биыл университеттің 4633 түлегі әртүрлі мамандықтар бойынша оқуын аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Олар — білікті мамандар, кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы болашақ көшбасшылар, еліміздің жарқын болашағы. Әр түлегімізге биік жетістіктер мен зор табыс тілейміз!
Қазір университетте 50 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның ішінде:
️ 34 бакалавриат бағдарламасы
13 магистратура бағдарламасы
3 докторантура бағдарламасы.
Салтанатты іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды. Еліміздің танымал өнер жұлдыздары — эстрада әншісі Ернар Айдар, әнші-композитор Абзал Молдабеков, Gentelmen, Астана Қарғабай және өзге белгілі өнерпаздар көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
Университеттің 7 заманауи оқу ғимараты, жаңа IT-орталығы мен цифрлық платформалары студенттерге жоғары деңгейде білім алуға барлық мүмкіндік береді. Сонымен қатар университетте жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Next Step» инкубациялық орталығы ашылған.
Биылғы түлектер, олардың ата-аналары, педагогтер мен қонақтар ұмытылмас әсер алып, шынайы алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.
Барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын болашақ жолында сәттілік пен жетістіктер тілейміз!





