Полицейлер Халықтар достығы университетінің студенттерімен профилактикалық әңгіме өткізді


Жасөспірімдердің есірткі қолдануы бүгінде өте өзекті мәселе болып отыр. Оны шешу және дер кезінде алдын алу үшін қоғам мен мемлекет тарапынан белсенді шаралар қажет. Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері академик А.Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерімен профилактикалық әңгіме өткізді. Студенттерге Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан синтетикалық есірткіні қолдану мен заңсыз сатудың алдын алу туралы үзінділер келтіріліп, оны қолданудың салдары және есірткіні заңсыз өткізу үшін заңдық жауапкершілік түсіндірілді. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Әңгіменің басты міндеті — студенттердің есірткіні қолдану мен таратуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Соңында білім алушылар тақырып бойынша өзекті сұрақтарын қойып, дер кезінде жауап алды.
