Ел дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі


Шымкент жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында қала жастарымен «Азаматтық қоғам құру: сарапшылар көзімен» тақырыбында кездесу өтті. Маңызды іс-шараға құқық, саясаттану, экономика, менеджмент, мемлекеттік басқару, журналистика және тарих мамандықтарында оқитын студенттер жиналып, 3-ші мегаполис студенттерінің жаңа бастамалары, креативті ойлары мен пікірлері талқыланды.
Кездесуде Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талгат Балтабаев, Шымкент қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустем Ашетаев және BasQaru қоғамдық қорының басшысы Маргулан Ермаганбетулы сөз сөйледі. Қатысушылар студенттермен азаматтық қоғам құру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту туралы қызу пікірталас өткізді. Ұйымдастырушылар жастарға азаматтық қоғам құрудың қажеттілігін түсіндіріп, оған белсенді араласуға шақырды.
