Сапа менеджменті жүйесі
Жарияланған күні: 20-шы қазан 2026 ж.
Жалпы ақпарат
Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді. Аталған жүйе 2017 жылғы 24 қаңтарда «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы тарапынан сәтті сертификатталған (ISO 9001:2008).
2025 жылы «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы ISO 9001:2015 жаңа нұсқасына сәйкес халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында кезекті сыртқы инспекциялық аудит өткізді.
Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саясаты білім беру сапасын басқарудың өзіндік жүйесін қалыптастыруға, білім алушыларға бағдарлану, құқықтық нормалар мен жұмыс берушілердің талаптарын сақтау арқылы жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған. Университеттің барлық бағыттар бойынша қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.





